ӨҚжҰАҚҚҚ
(өртке қарсы және ұшу апаттарынан құтқаруды қамтамасыз ету
қызметі)
Халықаралық Алматы әуежайының Өртке қарсы және ұшу апаттарынан
құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің басты мақсаты – апаттық жағдайда
әуе кемелеріне дер кезінде көмек көрсету.
Өрттік-құтқару командаларының жеке құрамында құтқарушылардан, өрт
сөндірушілерден және өрт сөндіру машиналарының жүргізушілерінен
құралған жүзден аса маман жұмыс істейді.
Қызмет жоғары технологиялық өрттік-техникалық құралдармен және
аэроалаңды өрттен ИКАО талаптарына сай деңгейде қорғай алатын
қазіргі заманғы апаттық-құтқару және өртке қарсы техникамен
қамтамасыз етілген.
60 тонналық өрт сөндіру құралдары тиелген арнайы көліктер 3-4
минут ішінде аэроалаңның кез келген нүктесіне жеткізеді. Олар
жүргізуші кабинасынан басқарылып отыратын өрт сөндіру сорғыларымен
және монитормен жабдықталған. ӨҚжҰАҚҚҚ әскери көліктері
көмірқышқылды, сукөбікті және ұнтақты өрт сөндіру әдістерін жүзеге
асыра алады.
Қызмет, сондай-ақ, апатқа ұшыраған әуе кемелеріндегі құтқару
жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы апаттық-құтқару
техникасымен жабдықталған. Олар – шынжыр табанды және дөңгелекті
тартқыштар, жеке электр генераторлы байланыс пен жарық беру
автокөліктері, сатылар.
Қызметтің апаттан құтқару станциясы аэроалаңның негізгі бақылау
нүктесі саналатын қадағалау мұнарасына жақын орналасқан. Одан әуе
кемелерінің ұшып-қонуы, құстардың ұшуы, әуежай нысандарындағы өрт
қауіпсіздігі жағдайы тәулік бойы бақыланып отырады.
Ұшу алаңындағы қозғалуға қабілетсіз әуе кемелері төмендегідей
апаттық көшіру құрылғыларымен әкетіледі:
-
шассидің тұмсықты және негізгі тіреулерін тіркеп
сүйрейтін (көшіретін) арбалар;
-
ауаны бақылайтын және тарататын пульті мен төменгі
қысымды ауа сығымдағышы бар пневмоматалы көтергіштер,
-
арқалығы бар икемді фюзеляждық және қанаттық таспалы
арқандар,
-
күш-салмақты бақылайтын құрылғысы бар икемді сүйрегіш
құралдар,
-
топырақты нығыздайтын темір торлы төсеніштер
|