Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Жабдық
Оқу орталығы

Авиациялық оқу орталығы
«Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ

2006 жылы "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ базасында құрылған авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша стратегиялық басым тапсырмаларды шешу үшін авиациялық қауіпсіздік саласындағы авиация қызметкерлерін кәсіби дайындауды жүзеге асырады.

Оқу орталығының қызметін Қазақстан Республикасының көлік және білім беру саласындағы мемлекеттік органдары  қолдап, мақұлдайды.

Оқу орталығына қажетті инфрақұрылымдар, қазіргі заман талабына сай оқу-әдістемелік база, арнайы сертификаты бар нұсқаушы құрам жайғасқан,  оқу сыныптары, зертханалар мен  кітапхана толық жарақталған

 Оқу орталығы  ИКАО азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымында тіркелген. Оқу орталығы жайлы ақпаратты ИКАО-ның www.icao.int/td. сайтынан табуға болады.

Қазіргі кезде авиациялық  қауіпсіздік бойынша Оқу орталығы төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар жүргізеді:

  • Тексерме бөлімшесінің мамандары – алғашқы дайындық ( 54 сағат);

  • Қауіпсіздік бөлімшесінің мамандары – алғашқы дайындық ( 54 сағат);

  • АҚҚ басшылары – алғашқы дайындық ( 54 сағат);

  • Тексерме бөлімшесінің мамандары – біліктілігін көтеру ( 42 сағат);

  • Қауіпсіздік бөлімшесінің мамандары – біліктілігін көтеру ( 42 сағат);

  • АҚҚ басшылары – біліктілігін көтеру ( 42 сағат);

  • Тасымалдауларды ұйымдастыру қызметінің  қызметкерлері - біліктілігін көтеру (12 сағат);

  • Әуежай қызметінде әрекет етуші қызметтер мен ұйым қызметкерлеріне арналған таныстыру бағдарламасы (6 сағат).

Оқу орталығын табысты аяқтаған тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Авиациялық қауіпсіздік оқу орталығында бір тыңдаушыны оқытудың академиялық сағатының құны ҚҚС-сыз 550 теңгені құрайды.

Оқу орталығының нормативтік-құқықтық қызметінің базасы

Оқу орталығы өз қызметінде білім және көлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады:

1. ҚР Білім туралы заңы;

2. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР заңы;

3. Қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім ұйымдары қызметінің үлгілік ережесі.

Ведомствалық құжаттарды:

1. Авиациялық қауіпсіздік мәселесі бойынша авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламасы;

2. ҚР Авиациялық қауіпсіздік ережесі;

3. ҚР Азаматтық авиациядағы авиациялық қауіпсіздіктің ереже-бағдарламасы.

ИКАО құжаттамаларын:

1. Халықаралық Азаматтық авиациядағы Чикагалық конвенцияның 17, 18 қосымшасы;

2. Азаматтық авиацияны заңсыз қол сұғу актілерін қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылық;

3. ҚР Азаматтық авиациядағы авиациялық қауіпсіздіктің нұсқаулық бағдарламасы.

Кәсіпорын және қызметтердің құжаттамаларын:

1. «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жарғысы;

2. Оқу орталығы туралы ереже;

3. Оқу қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығы;

4. Қызмет жөніндегі басшылықты;

5. Сапа жөніндегі басшылықты;

6. Оқу-әдістемелік кеңес қызметінің ережесі туралы;

7. Тыңдаушыларды қабылдау туралы ереже;

8. Оқыту жүктемесін бөлу туралы ереже;

9. Редакциялық-баспа қызметі туралы ереже.

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы, 050039
Алматы қаласы, Майлин, 2
"Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ
Авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы.
Тел: 8(727) 3888-504
факс  8(727) 3888-503
e-mail : BAmreyev@alaport.com

Сіздің қауіпсіздігіңіз сенімді қолда!

 

Учебная лаборатория: запрещенные к провозу предметы

Учебная лаборатория: образцы патронов различного калибра

Учебная лаборатория: образцы холодного оружия

Учебная лаборатория: образцы огнестрельного оружия

Практические занятия с использованием ручного металлоискателя

© 2002-2012, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау