Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Басына
Жабдық
Оқу орталығы

Тексерме қызметі

Жолушылар авиатасымалдауларының, сондай-ақ, Алматы қаласының әуежайы арқылы ұшатын авиакомпаниялардың талаптары бойынша барлық авиажолаушылар, олардың қол жүктері мен ұшақтардың жүк бөлімінде тасымалданатын басқа жүктері жүз пайыз қауіпсіздікке тексеріледі. Сондай-ақ, "ЕАТ" коммерциялық қоймалары арқылы жіберілетін жүк пен «Қазпошта» бөлімшелерінің авиатасымалдау телімдерінде өңделетін пошта жіберілімдері де арнайы тексеруден өтеді.

Қауіпті жүктер ИКАО Кеңесі бекіткен Қауіпті жүктерді әуе жолдарымен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқулық талаптарына сәйкес тасымалданады.

Қауіпсіздікке тексеру арнайы жабдықталған орында жүргізіледі. Бұл орындар халықаралық стандарттар талаптарына сай қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған. Ал  қауіпсіздікке тексеруді жүзеге асыратын тәжірибелі мамандар үнемі мерзімді дайындықтан өтіп тұрады, ал олардың білімі рұқсат беру сертификаттарымен расталған.

Рейстерге қызмет көрсету барысында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынатын заттар туралы ақпарат эфирден беріліп тұрады.

Халықаралық және ішкі рейстер жолаушыларына қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін нығайту мақсатында американдық RAPISCAN компаниясының жаңа тексеру жабдығы сатып алынып, орнатылды:

  • ауыр және көлемі үлкен жүктерді тексеру амалдарын жеңілдететін, транспортерлері төмен орналасқан рентгенді-теледидарлы құрылғылар;

  • жолаушының киіміндегі темірді жарық жолақпен көрсетіп, темір заттарды іздеу амалдарын жеңілдететін МЕТЕОР-200 стационарлық теміріздегіштері.

Жолаушылар мен олардың жүгін тексеру жабдығы сертификатталған және қызметкерлер мен жолаушылар үшін қауіпсіз болып табылады

Сіздің қауіпсіздігіңіз сенімді қолда!

 

ХАӘ метеоқызметінің мәліметтері бойынша,Алматы әуежайының ауданында ауа-райы

+1°C (12:30)

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау