Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Басына
Жабдық
Оқу орталығы

Metor 300
Rapiscan 620XR

Жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын жолаушылар санының көбеюіне байланысты тексерме шараларының уақытын қысқарту бағдарламасының аясында жаңа буын рентгенді-теледидарлы тексерме жабдығы орнатылды. Осындай жабдықты таңдау барысында, мониторинг нәтижелеріне сәйкес, қауіпті заттарды барынша дәл анықтайтын «Rapiscan 620XP» рентгенді-теледидарлы құрылғысына тоқталдық. Жұмыс істеуге қолайлы дизайн және сезгіштігі жоғары интерфейс істі жеңілдетуге әрі операторлардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қойылатын кәсіптік талаптарды дұрыс сақтауды көздейді. Модульге сәйкес жинақталған жүйе, қолдануға ыңғайлы екі жаққа жайылған панельдер көрсетілетін қызметті оңай етуге және нәтижелі тексеру жүргізуге мүмкіндік береді. Жаңа диод модульдарының көмегімен және өңдеудің бағдарламалық алгоритмдері арқасында бұл құрылғы қауіпті заттарды дәл тауып, олардың материалдарын да бөліп көрсете алады. Жүйе құрамына, сонымен қатар, жаңа TARGET алгоритмі енгізілген. Сипаттамасы жарылғыш заттарға немесе есірткі заттарға ұқсас болып келетін қауіпті заттарды ол автоматты түрде анықтайды.

Сіздің қауіпсіздігіңіз сенімді қолда!

 

ХАӘ метеоқызметінің мәліметтері бойынша,Алматы әуежайының ауданында ауа-райы

+15°C (7:00)

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау