"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Тендерлер
Авиа агенттiк
ӘК қызмет көрсету
Арнайы көлiк
ЖЖМ
Жүк терминалы
ӨҚжҰАҚҚҚ
Iскерлiк авиация
Борттамақ
Жарық техникасы
АТО
Қонақ үйi
VIP қызметтері
VIP эскорт

Әуе кемелеріне қызмет көрсету

Біздің әуежай Алматы қаласында тұрақтанған ұшақтар мен өзге де транзиттік әуе кемелеріне төмендегідей техникалық қызмет түрлерін ұсынады:

  • ӘК қарсы алу – шығарып салу, тежегіш қалыптарын орнату
  • Электр қоректендіру көздері мен әуеге ұшыру құрылғыларымен қамтамасыз ету
  • Қозғалтқышты қосу және ӘК сүйреу кезіндегі перрон мен ӘК кабинасы арасындағы байланысты жүзеге асыру
  • ӘК сүйреу
  • Жолаушыларды ұшаққа отырғызу және ұшақтан түсіру құралдарымен қамтамасыз ету
  • Перрон механизациясы құралдарының көмегімен ұзындығы 20 футқа дейінгі  контейнерлерді, жүк тиелген паллеттерді тиеу және түсіру
  • ӘК іші мен сыртын тазалау
  • ӘК канализация және су жүйелерімен қамтамасыз ету
  • ӘК гидравликалық және газ жүйелерін толтыру
  • ӘК кабинасы мен салонын жылыту
  • Жылыту машинасының және мұз еріткіш «Арктика», «Килфрост» сұйықтықтарының көмегімен ӘК сыртын қыраудан, қардан және мұздан тазалау
  • Як-40, АН-24, Ан-26, Ту-134 типті әуе кемелеріне ҚР АА Комитеті тарапынан берілген              2001 ж. 20 тамыздағы №ИАҚ-0024-01 куәлігіне сәйкес жедел техникалық қызмет көрсету.

Алматы әуежайында әуе кемесінің барлық түріне, оның ішінде В747 ұшағына жерде қызмет көрсетуге қажетті барлық жабдық түрі бар.Олар:
  • AIR MAREL, TREPEL маркалы жүк тиегіштер (аймақтағы жалғыз болып саналатын 20 тонналық жүк тиегіш);
  • жүк палеттері мен контейнерлерін тасымалдауға арналған арбалар;
  • жерден қоректендіру және әуеге ұшыру құрылғылары;
  • кез-келген пішіндегі жолаушылар сатысы;
  • 40 минут ішінде ӘК авиаотынмен толтыруға қабілетті май құйғыш машиналар;
  • ауа райы қолайсыздығына қарамастан ұшу қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар қазіргі заманғы дайсингтік жабдық;
  • В747 және сол тәрізді ауыр салмақты әуе кемелері үшін пайдаланылатын, заманға сай жетілдірілген Air Start UNIT MSU- 400  әуеге ұшыру құрылғысы;
  • 20 футтық контейнерлерді тасымалдауда пайдаланылатын қуаты күшті ROFAN ZD 44F және Z 85 тартқыштар;
  • ӘК сүйреуге арналған SCHOPF F 396 CA тартқыштары;
  • “VAISALA OY” компаниясының “KRAMC-4” бағдарламасымен қамтамасыз етілген «MITRAS» көрінім өлшегіштері.

2001 жылы Алматы әуежайы "Bucher" компаниясының  жоғары өнімді қар тазалағыш техникасын сатып алды. Ол ұшып-қону жолағындағы қар үйінділерін тазалау кезінде қарды сағатына 50 км. жылдамдықпен 40-50 метрге дейінгі қашықтыққа лақтырады. Бұрын қолданылған техникамен салыстырғанда, жаңа "Bucher Rolba -3000" машиналары ұшу алаңын 2-3 есе жылдам тазалайды. Bucher компаниясынан сатып алынған жаңа техниканың ішінен ұшып-қону жолағын тазалайтын Р-17 С машинасын бөліп айтуға болады.

Перрон қызметінде осы жұмыстарды жүзеге асыратын төмендегі қызметкерлерден құралған ұжым тәулік бойы жұмыс істейді:ейді:ейді:ейді:

  • жұмысты орындауға құқық беретін рұқсаттары мен сертификаттары бар инженерлік-техникалық құрам;
  • перрон механизациялары құралдарының жүргізушілері;
  • электрмеханикалық және химиялық құралдарды пайдаланумен ӘК жинайтын, тазалайтын және жуатын  ҰА жуушылар бригадасы. 

Тел: +7 (727) 257-2204
Ұялы тел.
+7 (701) 755-0776 (24 сағат бойы операциялық бақылау).
type B (Sitatex)
: ALALM7X (operation control);
                            ALALV7X (ground handling).

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

Copyright © 2002-2008, JSC "Almaty International Airport", Almaty, Kazakhstan - All rights reserved басынан бастау