|
Авиаотын жеткізушілерімен өзара тиімді жасалған
ынтымақтастықтың және резервуар санын арттырудың арқасында біз,
тәулік бойғы шығынға қарамастан, жылдың әр мезгілінде авиаотынмен
үзбей қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткіздік.
АҚШ-тың "Warner Lewis" компаниясының сүзгі құрылғысын
қолданудың арқасында Алматы әуежайы ұсынатын авиаотынның сапасы
British Standard (BS) American Petroleum Institute (API) халықаралық
стандарттарына сай болып келеді. Отын терминалында 33 мың текше метр
көлеміндегі сертификатталған отынды сақтауға болады.
Отын терминалы әуежай инфрақұрылымының негізгі
бөліктерінің бірі болып табылады. Отынды сапалы сақтау үшін
резервуардың ішкі жағы арнайы тотқа қарсы құраммен сырланған, бұл
авиаотынды қоспасыз таза сақтауға мүмкіндік береді.
Авиаотын сапасын арттыру мақсатында «ХАӘ» АҚ ЖЖМ
қызметіндегі отынды сүзетін және таратып құятын қондырғылар әлемдік
стандарт деңгейіне жеткізілген.
МҚ сүзгі корпустарында АҚШ-тың "Warner Lewis"
компаниясының Velcon Aquacon ACO 5130K (МҚ-22, МҚ-44) сүзгі
элементтері орнатылған, сүзу мүмкіндігі
1 микрон,
АСО 61401К (МҚ-60) және сүзілген 1 тонна авиотынның құрамындағы
судың мөлшері көп дегенде 15 грамнан аспайды.
Сүзу-тарату орнында (СТО) авиаотын СТ-2500 сүзгі
сепараторы (3 сатылы тазалау) мен ТФ-10 сүзгілері арқылы
тазартылады.
СТ-2500 сүзгі сепараторларының корпусында Ресейде
өндірілетін сүзгіш, коагуляциялағыш және айырғыш сүзгі элементтері
орнатылған. Сүзу мүмкіндігі 3-5 мкм және 1 тонна авиаотын
құрамындағы су мөлшері – 15 грамм.
ТФ-10 сүзгі корпусына Velcon FO -513 PLF
микросүзгіш элементтер орнатылған, олар авиаотынды жарты микрондық
көрсеткішпен сүзуге мүмкіндік береді.
Майқұйғыштардағы австриялық "Semperit" фирмасының
тарату жеңдерінің ұштары "Carter Ground Fuelling" компаниясымен
өндірілген болса, ондағы торлардың 1 шаршы дюймі 100 тор көзінен
тұрады. Сүзгі элементтері мен тарату жеңдері Бритиш стэндарт (BS)
және Американ Петролиум инститьют (АРІ) стандарттарына сәйкес. ЖЖМ
қызметінің сертификатталған зертханасына МР 626 "Warner Instruments
Ins", "Сарториус" және "Меттлер Толедо" аспаптары сатып алынды.
Майқұйғыштарға орнатылған сұйықтықты есептегіштер
"Avery Hardoll" фирмасының арнайы құрылғысымен тексеріледі.
Майқұйғыштарға бөлінетін отын +/-0,1% ауытқулықпен
"Fisher Rosemount" фирмасының шығын салмағын өлшейтін аспап арқылы
өткізіледі.
2000 жылы темір жол эстакадасы күрделі жөндеуден
өткізілді.
2003 жылдың маусым айында төмендегі жүйелер
қолданысқа берілді:
- автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесі
(ағылшындық «ANGUS»фирмасының жабдығы)
- резервуарлар паркіндегі отынды есепке алу
бойынша автоматтандырылған жүйе ("Emerson Process Management"
фирмасы өндірген);
- 2 өнімдік сорғы мен компьютермен мөлшерлеу
жүйесі ("Mess-und Fordertechnik Gwinner GmbH & Co" фирмасының
жабдығы).
Резервуарлар паркінде 33 мың текше метр көлемінде
авиаотын сақталады. Майды көлемі 60 т.м., 44 т.м. және 22 текше
метрлік майқұйғыштар құяды. |