Iскерлiк және жеке авиация
ұшақтары
мен жолаушыларына
қызмет көрсету
Алматы қаласының халықаралық әуежайы iскерлiк және жеке авиацияға
көрсетілетін қызметтің сапасына ерекше назар аударады. Соңғы жарты
жылдықта авиацияның бұл саласындағы ұшу жиілігі едәуір артып отыр.
Тасымалдаушылар мен жолаушылардың өтініш-талаптарын дұрыс қабылдап, оны
орындауға дайын арнайы топ қызметкерлері - кәсіби дайындығы жоғары,
мемлекеттік және ағылшын тiлдерiн жетік меңгерген білікті мамандар.
Іскерлiк және жеке авиация жолаушыларына қажетті қызметтің барлық түрі
ұсынылады. Атап айтқанда,
-
кез келген қонақ үйден орын броньдау;
-
жолаушыларға VIP залдары қызметін ұсыну ;
-
жолаушылар мен экипаж мүшелерін көлiкпен қамтамасыз ету,
-
әуе кемесіне жерде көрсетілетін қызметтің бар түрін ұсыну.
Осы жұмысымыздың барысында біз іскерлік және жеке авиация саласындағы
Air Routing International, "F.E.R.A.S. (Universal Weather & Aviation)",
StreamLine OPS, AVCAD тәрiздi халықаралық компаниялармен тығыз
қарым-қатынас орнатып, мол тәжірибе жинақтадық.
Бiздiң байланыс тел.:
Моб. тел:
+7
(701) 7550776
Тел/Факс:
+7 (727) 388-8404
Type B: ALALV7X
|