|
Басына Әуежай туралы Қауіпсіздік Кесте Бизнес Жаңалықтар Кері байланыс
Тендерлер Авиа агенттiк ӘК қызмет көрсету Арнайы көлiк ЖЖМ Жүк терминалы ӨҚжҰАҚҚҚ Iскерлiк авиация Борттамақ Жарық техникасы АТО Қонақ үйi VIP қызметтері VIP эскорт
|
|
Авиаагенттік
(ішкі және халықаралық рейстерге
авиабилеттерді сату және броньдау)
|
"Халықаралық Алматы әуежайы" агенттігі Қазақстанның авиабилеттерді
сату нарығында ең үздік орындардағы көпшілікке белгілі ұйымдардың
бірі болып табылады. Агенттікке 2006 жылы 65-3 2040 4 кодымен ИАТА
(Халықаралық Әуе көлігі Ассоциациясы) тарапынан осы салада қызмет
атқаруға ресми түрде өкілдік берілді (аккредитация).
2008
жылдың 01 маусымынан бастап біздің агенттік электрондық билет
жүйесіне өтеді. Бүгінгі күні бұл жолаушылар үшін билет сатып алудың
Европа мен Америкадағы ең танымал әрі ең ыңғайлы түрі.
Мамандарымызды жоғары кәсіптік деңгейде кезеңдік дайындықтан өткізу
арқылы агенттік жұмысына электрондық билет жүйесін енгізуге қол
жеткіздік.
Электрондық билет - Сіздің ұшу сапарыңызды ыңғайлы етіп, қағаз
билеттердің орнын ауыстыратын заманауи технология.
Билетті
броньдау әдеттегідей стандарт бойынша жүзеге асырылады, тек
авиабилетте көрсетілетін саяхат туралы ақпарат бланкіге басылмай,
авиакомпанияның арнайы базасында электрондық түрде сақталатын
болады.
Электрондық билет электронды түрде сақталады, сондықтан оны ұмытып
кету, жоғалтып немесе ұрлатып алу мүмкін емес.
Билет
сатып алғаннан кейін-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі
туыстарыңызға, достарыңызға немесе серіктестеріңізге өз сапарыңыз
жайлы хабар бере аласыз.
Енді
басқа қалада тұратын туыстарыңыз бен достарыңызға электронды билетті
Сізге сатып алуға болады, ал олар тек тіркеуге келеді. |
|
Қандай
мақсатпен жол жүрсеңіз де, шетелге немесе Қазақстан бойынша сапар
шексеңіз де, салондағы қызметтің «бизнес» немесе «экономикалық»
түрінің қайсысын таңдасаңыз да, қай авиакомпания қызметін
пайдалансаңыз да, біздің Агенттікте Сізді әрқашан жылы шыраймен
қарсы алатын боламыз. Агенттік қыметкерлері – жоғары санатты
мамандар. Жаһандық тарату жүйелері арқылы әр түрлі авикомпаниялардың
ұсыныстарын саралай келіп, біз Сіздің жұмыс кестеңіз бен қаражат
мүмкіндігіңізге қарай ыңғайлы әрі үнемді сапар бағытын таңдап алуға
көмектесеміз, сондай-ақ, бірқатар пайдалы қызмет түрлерін де
ұсынатын боламыз.
Біздің
Агенттік авиатасымалдауларды сатуға түрлі авиакомпаниялармен тікелей
агенттік келісімдерге отырған, бұл Алматыдан ғана емес, басқа
қалалардан ұшып шығатын немесе ұшып баратын кез келген
авиакомпаниялардың қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Егер
белгілі бір күтпеген жағдайларға байланысты авиабилеттерді алдын ала
алуға мүмкіндігіңіз болмай қалса, билетті әуежайда, тіркеу жүріп
жатқан жерден сатып алуыңызға болады.
Бізді
Агенттіктен авиабилет сатып алу барысында авиакомпаниялар
рейстеріндегі қолданыстағы тасымалдау ережелерімен (тарифтерді
қолдану шарттары, тіркеуге уақытында келу, рейске келмеген және ұшу
күнін ауыстыру қажеттігі туындаған немесе ұшудан бас тартқан
жағдайда салынатын айыппұл туралы) толық ақпарат аласыз.
Егер
Сіздің жүгіңіздің салмағы нормадан тыс болса, артық жүк ақысын
рейске тіркеу жүріп жатқан кезде төлеуіңізге болады.
Біздің
кассалар қаланың әр түрлі аудандары мен әуежай аумағында ыңғайлы
жерлерде орналасқан. Қалалық Әуебекет ғимаратының бірінші қабаты мен
Әуежай жолаушылар терминалының екінші қабатындағы кассалар тәулік
бойы жұмыс жасайды. |
|
“Қалалық
әуебекет”
Жібек
Жолы, 111
№ 1 касса, №№ 1, 2
және
3
офистер
телефон
нөмірлері
+7 (727) 258-4150
+7 (727) 279-2067
+7 (727) 279-1487
+7 (727) 279-5272
тәулік бойы
+7 (727) 279-1958,
факс +7 (727) 258-4155 |
Әуежай
Майлин к-сі, 2
жолаушылар терминалының ғимаратында
телефон
нөмірлері
+7 (727) 270-3555
+7 (727) 270-3200
+7 (727) 270-3201
+7 (727) 388-8574
тәулік бойы
+7 (727) 388-8575
тәулік бойы |
|
Кабанбай
батыр
к-сі,
76, Достык
д-лы,
49
телефон
нөмірлері
+7 (727) 291-2710
+7 (727) 291-2703 |
Әуежайдың анықтама қызметі
006 |
|
Авиакөлік қызметін жиі пайдаланатын компаниялар мен кәсіпорындарды
авиатасымалдауларды сату жөніндегі бірлескен шарт жасауға шақырамыз.
Ол шартта төмендегі қызмет түрлері қарастырылатын болады:
-
сатып алынған авиабилеттер тарифінен комиссиялық сыйақы
белгілеу;
-
қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, несие
карталарымен төлеу;
-
корпоративті клиентке авиабилет сату кезінде Алматы әуежайының
жолаушылар терминалындағы ВИП қызметіне жеңілдік ұсынылады;
-
авиабилеттерге факс, e-mail және телефон бойынша өтінім
қабылдау;
-
сатып алынатын авиабилеттер санына шектеу қойылмайды.
Бірлескен шарт жасау мәселелері бойынша мына телефондарға
хабарласуға болады:
+7 (727) 293-8894
және
+7 (727) 291-2718 |
|
Агенттік базасында жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде
төмендегі курстар бойынша оқытатын Әдістемелік кабинет жұмыс
істейді:
"Авиатасымалдауларды броньдау және сату жөніндегі
агенттерді дайындау"
" Авиатасымалдауларды броньдау және сату жөніндегі
агенттердің біліктілігін жоғарылату"
Оқу аяқталғаннан кейін оны растайтын арнайы Сертификат беріледі
Оқыту қызметіне икемді тарифтер жүйесі қарастырылған
Оқытуға байланысты төмендегі телефон нөмірі бойынша хабарласыңыздар
+7 (727) 279-5929 |
|
|
Iшкі және
халықаралық рейстерге авиабилеттерді сату және броньдау:
Эйр Астана
Точикистон
Энкор
СКАТ
Кокшетау Авиа
ИМЭйр
Трансаэро
KLM
Жезказган
Эйр
Пулково
Туркмен Хавоеллары
КрасЭйр
Аэрофлот
Lufthansa
Узбекские авиалинии
Турецкие авиалинии
Калининградавиа
СемейАвиа
British Airways
UM Air |